Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 737 млн теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев мәлімдеді.

«Инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауға ерекше көңіл бөлінеді. Субъект тарифті алған кезде, субъект өзіне алған жаңғырту және дамыту бойынша белгілі бір міндеттемелерді орындамауы – ТМРК тарапынан өтемдік тариф енгізуге, яғни игерілмеген қаражатты тұтынушыларға қайтаруға әкеледі», - деп хабарлады Асан Дарбаев.

Өткен жылғы субъектілердің тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуына талдау жүргізу нәтижелері бойынша, олардың міндеттемелерді орындамағаны анықталды, осыған байланысты бүгінгі күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпы сомасы 12,4 млрд теңгеге 300-ден астам субъектіге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді, оның ішінде тарифтік сметаны орындамағаны үшін - 9,08 млрд теңге, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны үшін - 3,34 млрд теңге. Бұл 12 аймақта тарифтердің төмендеуіне әсер етті.

«Жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жыл сайын артық төленген ақша қайтарылады. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 737 млн теңгеге жуық қаржы қайтарылды», - деді Асан Дарбаев.