Top.Mail.Ru

Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін Үкімет ұзақтығы күнтізбелік 60 күн өтпелі кезең белгіледі. Осы мерзім ішінде өткен не көрсетілген кезеңде өтіп кеткен құжаттар жарамды болып табылады. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің басқарма бастығы, полковник Асқар Алдонғаров хабарлады.

Осылайша, көші-қон қызметі өкілінің ақпараты бойынша өтпелі кезең ішінде мұндай құжаттарға мыналар жатады: келуге және кетуге (визаға) рұқсаттар; Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар; еңбекші көшіп келушілерге және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар; пана іздеген адамдардың куәліктері.

Төтенше жағдай (карантин) енгізілген кезде Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болған және белгіленген мерзімде елден кете алмаған көшіп келушілерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген санкциялар қолданылмайды.

А.Алдоңғаров атап өткендей, 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қандай да бір қосымша құжаттарды ресімдемей республикадан тыс жерлерге шыға алады. Шығарып жіберу туралы заңды күшіне енген сот шешімдері бар адамдар белгіленген мерзімге шығуға міндетті.

Көшіп келушілер визаның болуын көздейтін тәртіппен келген-келмейтініне қарамастан немесе оны ресімдеу қажеттігінен босататын және Қазақстан Республикасында қалғысы келетін көшіп келушілер негіздер болған кезде мерзімі өткен құжаттарды ауыстыруға және өзінің мәртебесін реттеуге құқылы.

Анықтама: төтенше жағдай режимі аяқталған күні ел аумағында мәртебесі реттелмеген 145 мыңға жуық шетелдік болған. Олардың ішінен 25 маусымдағы жағдай бойынша 33 441 адам Қазақстаннан кетіп, 4 мың шетелдік визалар алды; 17 205 шетелдікке уақытша тұруға рұқсат берілді; 78 525 еңбек мигранттарына еңбек қызметіне рұқсат берілді немесе ұзартылды.

«Көші-қон бөлімшелерінде дүрлікпе тудырмау үшін шет ел азаматтарын Қазақстанда болу мәртебесін тезірек заңдастыруды, соңғы күндері кейінге қалдырмауды сұраймын. Алдағы уақытта өз мәртебесін реттемеген шетелдіктер мен оларды қабылдайтын тараптар құқықтық ықпал ету шаралары қолданылатынын ескертемін», - деді Асқар Алдынғаров.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!