«ТМККК шеңберінде ЖРВИ, пневмония немесе COVID-19 симптомдары бар пациенттер үшін тегін ПТР-тестілеу қарастырылған. Бұл жедел жәрдем бригадалары мен медициналық қызметкерлердің өздеріне қызмет көрсететін науқастарға қатысты. Бүгінде 116 мыңнан астам адам тесттен өтті. Клиникалық белгілерсіз тест тапсырудың қажеті жоқ», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цой сондай-ақ ел Үкіметінің резерві аясында ҚХР мен РФ-нан 1,2 млн зерттеуге тест-жүйелер мен шығыс материалдарын жеткізу күтілуде. Айтпақшы, тест-жүйелерді сатып алу конкурсына отандық өндірушілер де қатыса алады. Қазір 361 мың зерттеуге арналған тест-жүйелерінің қоры бар.