Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында әлеуметтік желілерде қазақстандық пайдаланушылардың COVID-19 «екінші толқынының» болу ықтималдығы туралы мәлімдемесіне түсініктеме бере отырып, инфекцияның қайта өршуі мүмкін екендігін растады.

Оның мәліметінше, Ішкі істер министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылды, оған отандық және халықаралық сарапшылар, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары кірді. Олар әртүрлі ықтимал болжамдарды, сценарийлер мен орын алуы мүмкін оқиғаларды пысықтайды.

«Мұнда ең бастысы, математикалық есептеулер мен модельдер емес, Көрсеткіштер жоғары болуы мүмкін. Ұзақ мерзімге болжам жасаған сайын, қателесу мүмкіндігі жоғары болады. Сондықтан қысқа мерзімді кезеңге жасалған болжам нақтырақ болады», - деді Б.Қожахметов.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі мемлекеттік органдардың барлығы COVID-19 жаппай таралуына жол бермеу шараларын әзірлеу кезінде әрқашан ең пессимистік болжамдарды негізге алатындарын еске салды.

«Пессимистік сценарий бойынша дайындалу үшін барлық шаралар қабылданғандықтан, қазіргі жағдай оптимистік және орташа-оңтайлының ортасында. Сондықтан пессимистік болжамдар біреуді қорқыту үшін емес, қиын жағдайға дайын болу үшін жасалатынын есте сақтау аса маңызды. Тек осындай кезде ғана барлық мүмкін сценарийлерді қарастыруға болады», - деді деді Б.Қожахметов.