Компьютерлік томография зертханашысы рентгенологтан несімен ерекшеленеді? Неге біріншісіне өтемақы төленеді, ал екіншісіне төленбейді? деген журналистердің сұрағына Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді.

«Мұндай түсінік бар – контаминация, яғни коронавирустық инфекцияның нақты немесе айқын тасымалдаушысымен тікелей байланыс уақыты. Сома уақыттың осы мөлшеріне, сондай-ақ басқа параметрлерге байланысты. Яғни, дәрігер қорғаныс костюмінде қанша уақыт болды, оған жұмыс істеу қаншалықты қиын болды. Зертханалық жұмыс коронавирустық инфекция болуы мүмкін материалдармен байланысты болғандықтан, оларға өтемақы қарастырылған. Бірақ Қазақстандағы әрбір дәрігер қандай да бір дәрежеде COVID-19 тасымалдаушысымен байланыста болғандықтан, министрліктің бұл жағдайда ұстанымы: барлығына өтемақы төлеу мүмкін емес. Себебі бюджеттің белгілі бір параметрлері бар, сондықтан министрлік, ең алдымен, алдыңғы қатардағы медицина қызметкерлеріне сыйақы мен үстемеақыны өтейді немесе төлейді», - деп атап өтті Б.Қожахметов.

Тәуекел тобына байланысты үстемеақы ең төменгі 212,5 мың теңгені және ең жоғарғы 850 мың теңгені құрайды. «Кімге» және «не үшін» толық ақпаратты Министрліктің ресми сайтынан табуға болады.