Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың ата-аналарына ҰБТ тапсыру пункттеріне баруға тыйым салынады.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-баспасөз конференциясында ҰБТ-ға қатысушылардың ата-аналарын тестілеу күні үйде қалуға және онлайн-трансляция арқылы тестілеудің өткізілуін бақылауға шақырды.

«Коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыру қаупіне байланысты біз ҰБТ өткізу пункттеріне ата-аналардың баруына тыйым салуға мәжбүр болдық. Бір орынға топтасудың қазіргі жағдайда қауіпті екенін ескере отырып, ауру жұқтырудың мүмкіншілігі жоғары екенін ұмытпайық. Ал біз өз тарапымыздан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті Д.Смағұлов.