Лязат Актаева: коронавирусқа тестілеуді қатаң көрсеткіштер бойынша өткізу қажет

100 мың тұрғынға шаққанда өткізілетін тестілер саны бойынша Қазақстан 34-ші орында. Елімізде тәулігіне 7 мың тест өткізіледі. Бұл Аустрия, Канада (тәулігіне 6 мың тест); АҚШ (8 мың тест) елдерімен салыстыруға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-баспасөз мәслихатында Лязат Ақтаева мәлімдеді. Спикер атап өткендей, тестілеу тек клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілуі тиіс.

Клиникалық көрсеткіштер бойынша тестілеуге жатады.

  • COVID - 19 бар провизорлық және инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар;
  • ЖРВИ және пневмония бар науқастар;
  • COVID - 19 бар, амбулаторлық емделуде және клиникалық хаттамаға сәйкес БМСК медициналық бақылауындағы науқастар.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеуге жатады:

  • науқастармен жақын қарым-қатынаста болған адамдар;
  • стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;
  • шұғыл емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;
  • ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуде, айыпталушылар, сотталғандар);
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар.

Профилактикалық мақсатта тестілеуге жатады:

  • Қазақстанға шетелден келетін азаматтар;
  • COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері айына 1 рет;
  • әскерге шақырылушылар.

Министрдің м.а. Ләззат Ақтаева халыққа қарата айтқан сөзінде клиникалық және эпидемиологиялық айғақтары жоқ азаматтарға ПТР-тестілеуден өту қажеттілігі жоқ екенін мәлімдеді.