Биыл ақпан айында қабылданған COVID-19 диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасы халықаралық және отандық тәжірибелерді ескере отырып, үнемі жаңартылып отырады. Бүгінгі күні осы құжаттың 10-шы редакциясы мақұлданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

Анықтама: клиникалық хаттамаға сәйкес COVID-19 негізгі терапиясы симптомдарды жоюға бағытталған емдеуді қамтитын симптоматикалық терапия: қызба, жөтел, ентігу, уыттану. Симптоматикалық терапия кезінде негізінен ыстық түсіретін препараттар және басқалар қолданылады.

Л.Бюрабекова атап өткендей, COVID-19 емдеу бойынша дәлелді базаның шектелуіне байланысты, медициналық көмек көрсету үшін этиотропты препараттар мен off - label араласуларды қолдану пациенттердің белгіленген тәртіппен ақпараттандырылған келісімге қол қою кезінде, егер оның әлеуетті пайдасы оларды қолдану қаупінен асып кетсе, рұқсат етіледі.

Анықтама: этиотропты препараттар вирустың репликациясын басу және вирустық жүктемені төмендету мақсатында тағайындалады, осыған байланысты терапевтік терезе шеңберінде терапияның ерте басталуы маңызды (клиникалық көріністердің басынан бастап өкпеде кең таралған процестің дамуына дейінгі алғашқы 72 сағатта).

Амбулаториялық деңгейде аурудың симптомсыз және жеңіл түрінде этиотропты терапия жүргізілмейді. Өте ауыр / сыни ағымда этиотропты препараттарды тағайындау аурудың нәтижесіне әсер етпейді, асқынулармен күрес басым болып табылады. Коморбидтік емделушілерде COVID-19 этиотропты емдеуді қолдану дәрілермен өзара әрекеттесуін ескере отырып, препараттарды мұқият іріктеуді талап етеді.

Вице-министрдің ақпараты бойынша, COVID-19-ға әсер ететін этиотропты терапияға арналған негізгі препараттар ("Лопинавир"/"Ритонавир", "Хлорохин"/"Гидроксихлорохин", "Ремдесивир", "Фавипиравир") клиникалық хаттамаға енгізілген.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта Covid-19 орташа ауыр ағымымен ауыратын адамдарға инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылғанға дейін этиотропты емдеуді тағайындау және амбулаторлық деңгейде емдеу схемасына "Гидроксихлорохин" және "Лопинавир"/"Ритонавир"сияқты препараттарды енгізуді қарастыру мүмкіндігі пайда болды.

"КВИ бар пациенттерді амбулаториялық жүргізу үшін денсаулық сақтау министрлігінің Сапа жөніндегі біріккен комиссиясы бірқатар құжаттарды мақұлдады ("Пациенттерге арналған жадынама, пациенттердің өзін-өзі мониторингіне арналған чек-парақ, дәрілік терапия бойынша ұсынымдарды және стационарға ауыстыру критерийлерін, стационардан ерте шығару критерийлерін және оларды амбулаториялық деңгейде жүргізу бойынша ұсынымдарды қамтитын дәрігерге арналған жадынама). Аталмыш құжаттар мен инфографика ресми сайтта және Facebook-тегі бетте орналастырылған", - деп толықтырды Л. Бюрабекова.