Тұрғындар ПИК-ке риза болса және МИБ немесе ЖС құрғысы келмесе не істеу керек? Қызмет көрсетуші ұйымдардың атына келіп түсетін шағымдар көп боғланымен іс жүзінде көбі оның жұмысын қанағаттанарлық деп санайды. Шенеуніктер бұл туралы біледі. Егер тұрғындар шешім қабылдай алмаса, онда тұрғын үй инспекциясы көмектеседі. Олар пәтер иелеріне басқарудың жаңа формасының көптеген артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Өңірлерді дамыту және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов баяндады.

«МИБ немесе жай серіктестік құрылғаннан кейін, 2019 жылдың желтоқсанында күшіне енген Заң көптеген жағдайларды айқындады.

Біріншіден, МИБ көп пәтерлі тұрғын үйге техникалық тексеру жүргізу үшін жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылы. Егер кондоминиум объектісін тіркеу болмаса, онда техникалық тексеру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады, яғни тұрғындар осы рәсім үшін және жүргізілген іс-шаралар үшін төлемейді.

Екіншіден, тұрғындар лифтіні жөндеу немесе ауыстыру үшін жергілікті атқарушы органнан қаржылай көмек сұрай алады. Егер МИБ-тің шотында лифтіні ауыстыруға ақша мен қаражат болмаса, онда тиісінше бірлестік ЖАО-ға жүгінген кезде жергілікті бюджет қаражаты есебінен лифтіні ауыстыруды қайтарымдық негізде жүргізуге құқылы.

Сондай-ақ меншік иелері күрделі жөндеу жүргізу үшін де ЖАО-ға жүгіне алады. ЖАО жергілікті бюджет қаражаты есебінен ЖСҚ әзірлейді, сараптама және жөндеу жүргізеді. Әрине, міндетті түрде тұрғындар жиналысы өткізілуі керек, бұл іс-шараны көпшілік қолдауы тиіс», - деп түсіндірді Марғұлан Әбдікәрімов.

Айта кетейік, 11 қаңтарда Әділет органдарында 539 МИБ және 593 ЖС тіркелген. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Маңғыстау, Қостанай және Атырау облыстары көш бастап тұр.