Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық брифингте «Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов журналистің қойған сұрағына берген жауабында осылай деді.

Бұл ретте спикер «Көксерек» фильмін мысалға келтірді.

«Фильмнің басты кейіпкері қасқырдың бөлтірігіне жанашырлық танытып, өсірді. Бірақ табиғат өзінікін келтіреді. Кейде табиғатты өз ырқымызға көндіргіміз келеді. Бірақ заңдылық бар, оны өзгерте алмайсың. Балалар өздерін табиғаттың бір бөлігі ретінде сезінуі керек, соны түсінуі керек»,- деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Үкімет азаматтық сектормен бірлесіп «Жануарларды қорғау туралы» заң әзірлеуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға деген көзқарас кез келген мемлекеттің өркениеттілігінің өлшемі екендігін атап өтті.