Өндірушіден медициналық ұйымдарға дейінгі жолда вакцинаның сапасын қамтамасыз ету мақсатында өңірлерде тоңазытқыш жабдықтарды сатып алу бойынша шаралар қабылдануда. Вакцинаны жеткізу тізбегі 4 кезеңнен тұрады: біріншісі - өндірушіден Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына дейін, содан кейін денсаулық сақтау басқармаларының дәріхана қоймаларына дейін, үшінші кезеңде – вакцина аудандар мен қалалардың медициналық ұйымдарына жеткізіледі, ал төртінші кезең тікелей вакцинация пункттерінде сақтауға қатысты. КВИ қарсы вакцинациялауға дайындық шаралары процесі жайлы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов баяндады.

«Суық тізбектің әр кезеңінде вакцинаны сақтау сыйымдылықтары салыстырылды. Вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті әзірленді, КВИ қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Әдістемелік ұсынымдарға вакцинацияны жүргізу тактикасы, вакцинацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері, вакцинаны егу көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдері, сондай-ақ иммундаудан кейінгі қолайсыз жағдайларды есепке алу және тіркеу мәселелері енгізілді», - деді ведомство өкілі.

Бұл ретте вакцинация екі кезеңмен жүргізіледі: алдымен I компонентпен 0,5 мл дозада және 21 күннен кейін - II компонентпен 0,5 мл дозада бұлшықетке егіледі. Қолданар алдында вакцинасы бар құтыны өздігінен бұзылатын бір рет қолданылатын шприцті пайдалана отырып, толық ерігенге дейін бөлме температурасында сақтайды.