Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов Қазақстанның Азаматтық форумдарының ұсынымдарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Биыл «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz серіктестік пен дамудың 30 жылы» атты IX Азаматтық форум тоғызыншы рет өткізіліп отыр.

Спикер сәтті жүзеге асырылған бұрынғы ұсыныстарды мысалға келтірді. Екі жыл ішінде мемлекет азаматтық сектормен бірлесіп, азаматтық сектор қызметін жетілдіру бойынша түрлі тәсілдерді іске асырды. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Үкіметтік емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша жұмыс жүргізілді, «Ozgeris Ustasy» сыйлығы ұйымдастырылды, осы бағытты дамыту бағдарламасының жобасы әзірленді. Сонымен қатар, Волонтерлер жылы аясында бірқатар бастамалар мен іс-шаралар өткізілді.

Айта кетейік, азаматтық форумдардың қарарлары азаматтық сектор өкілдерінің сандық және сапалық өсуіне де әсер етті.