Марат Бекетаев: тіркеу тәртібі жеңілдетілді, құжаттар тізімі мен мерзімі қысқартылды, бірқатар мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды.

Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету саласында тіркеу тәртібін айтарлықтай жеңілдету, құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқарту, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бойынша шаралар қабылданды.

Азаматтардың ыңғайлылығы үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлерінің аумақтық қағидаты енгізілді. Бұл азаматтың қандай да бір куәлікті алу қажет болған жағдайда, қай өңірде туғанына, тіркелгеніне немесе тұратындығына қарамастан, кез келген тіркеуші органнан құжат ала алатынын білдіреді.

Ведомство басшысы атап өткендей, азаматтардың тіркеуші орган мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ала алатын құжаттарын ұсыну қажеттілігі алынып тасталды, олар: сот шешімі; медициналық куәлік; ҚР-да тіркелген акт жазбалары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға байланысты азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлері алынып тасталды. 2 куәліктің (бала асырап алу туралы немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәліктің) орнына тіркеуші орган баланың дербес деректерін және оның ата-анасы туралы деректерді қамтитын баланың туу туралы бір ғана куәлікті береді.