ҚР ІІМ авариялылық деңгейді тұрақтандыру мақсатында жүйелі негізде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Ең алдымен, жолдарда бақылау күшейтілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді.

Оның айтуынша, эыл басынан бері полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 млн-нан астам дерегін анықтады.

«119 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көлікті мас күйде жүргізген 13 мың жүргізуші ұсталды. Сот шешімімен 15,2 мың жүргізушіні көлікті басқару құқығынан айырды, 12,5 мың адам әкімшілік қамауға алынды», - деді С.Түсіпов.