«Халық үні» жобасының белсенділері жергілікті тұрғындарға әлеуметтік және заңгерлік мәселелерін шешуге көмектесу үшін Абайдың туған жері Семейге аттанады. Бастама ақынның мерейтойы өтіп жатқан жылы қолға алынып отыр, бұл символдық мәнге ие.

Науқан бастамашысы, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, құқық қорғаушы Айман Омарованың айтуынша, халықты кедергісіз коммуникациямен қамтамасыз ету жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен байланыс орнатудан басталады.

Бұл өршіл миссия. Халықпен кері байланыс орнатып қана қоймай, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын көрсетіп, өмірдің түрлі салаларындағы мемлекеттік саясаттың барысын түсіндіру қажет. Бұл туралы Айман Омарова еліміздің басты медиа алаңында мәлім етті.

Міндетіміз «Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға, олардың нақты өңірдегі ашықтығына, халықтың осы бағдарламаларды пайдалану мүмкіндігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ, шалғай өңірлердің тұрғындарын құқықтық ақпараттандыру, барлық қызмет салаларында халықтың әлеуметтік проблемаларын анықтау, мониторинг, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қолжетімділігі мен жариялылығын қамтамасыз ету», - деп мәлімдеді қоғамдық бастамалар негізінде жұмыс істейтін құқық қорғаушы.

Жоба бойынша халықпен кездесуден басқа, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізу жоспарланған. Олар түсіндіру, презентация және диалог форматында ұйымдастырылады. Бұл ретте фалловерлері көп блогерлердің көмегі тисе, жақсы болар еді. Айман Омарова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында бірінші кезекте қазақ тілді аудиторияға қолдау көрсеткісі келетіндерді жобаға қосылуға шақырды.

Өтініштер мен хаттарды жинау мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі ресми арналарынан да жүргізіледі. Оларды талдау онлайн түрде жүзеге асырылады. Барлық өтінімдер бойынша нәтижеге қол жеткізілмек.