Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдындағы есептік кездесу аясында карантин кезінде ведомство тарапынан 60 млн. астам рет қаралған көптеген онлайн-жобалар іске қосылғанын хабарлады.

160 концерт пен қойылым, «Қазақфильм» киностудиясы 223 ұлттық фильм түсірді, ал кітапхана қорында электронды форматта 60 мыңға жуық әдебиет көшірмесі бар.

Еліміздің жетекші мұражайлары, театрлары, кітапханалары танымал мұражайлар мен туристік бағыттар бойынша концерттердің, спектакльдердің, қойылымдардың, фильмдердің тегін интернет-трансляциясын ұйымдастырды. Бұдан басқа, Zoom платформасында онлайн-конференциялар өткізу тәжірибесі енгізілді. Осындай форматта Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай және рухани мұра» және әл-Фарабидің 1500 жылдығына арналған «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық онлайн-конференциялар өткізілді.

Ақтоты Райымқұлова «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында қазақстандықтарға қолдау көрсеткен қазақстандық эстрада жұлдыздарын ерекше атап өтіп, YouTube желісінде 20 миллиондық қаралыммен 42 онлайн-концерт өткенін айтты. Спортшылар мен атлеттер #TeamKZ, #АлғаҚазақстан акциясын іске қосты, оның аясында олар әр таң сайын онлайн-жаттығу өткізіп, кез келген адам үйде орындай алатын түрлі жаттығуларды көрсетті.

Киберспорт федерациясымен бірлесе отырып, Alaman#StayHome дистанциялық режимінде киберспорт бойынша республикалық және халықаралық турнирлер өткізілді, оның ішінде сайтында "Uide Bol Cup 2020" Найзағайлы шахматтан (блиц) алғашқы онлайн-турнирі өтті.