Медициналық ұйымдарға коронавирустық инфекцияны диагностикалаумен, емдеумен және оның асқынуларымен байланысты барлық шығындарды өтеу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттің жағдайының ауырлығын ескере отырып тарифтер әзірледі.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйлеген МӘСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежановтың ақпараты бойынша, COVID-19 жеңіл дәрежелі бір пациентті емдеу 292,6 мың теңгені, орташа - 446,1 мың теңгені, ауыр науқасты емдеу - 1,5 млн теңгені құрайды. Ауыр дәрежедегі емделгені үшін МӘСҚ бір пациент үшін 1,7 млн. теңге төлейді. Жедел жәрдем тарифінің құрылымында жеке қорғану құралдарына жұмсалатын шығындар орта есеппен 40% - ға артты.

COVID-19 және пневмониясы бар пациенттер үшін стационарлар деңгейінде және амбулаториялық деңгейде емдеу мен диагностика тегін көрсетіледі.

Қаржыландырудың жоспарланған көлемінен медициналық сақтандыру қоры жыл соңына дейін 1,4 млн.шығу есебінен мобильді бригадалардың жұмысына шамамен 7,7 млрд. теңге жұмсайды. Қазірдің өзінде өңірлерде емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан 3 мыңнан астам осындай бригада құрылған.

«Көптеген қазақстандықтар аурудың өсу кезеңінде коронавирус пен пневмонияның диагностикасына, еміне және дәрі-дәрмектеріне қалта шығынына кеткенін ескере отырып, Қор инфекциядан кейін оңалту қызметін қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Халықтың оңалту қызметіне деген қажеттілігі бүгінде өте жоғары. 1406 байланыс орталығына осындай көптеген сұрақтар келіп түседі, сондықтан Денсаулық сақтау министрлігімен бірге Қор науқастанғаннан кейін пациенттерді ем жүргізу алгоритмдерін әзірлеуде. Біз емхана деңгейінен бастап Оңалту орталықтары мен санаториялық-курорттық ұйымдарға дейінгі барлық деңгейдегі көмек түрлерін қарастырамыз»,– деді Б.Төкежанов.