Медициналық сарапшы дәрігерлер тағайындауынсыз азаматтардың ПТР-тестілеуден өту тәжірибесін нәтижесіз деп атады

Онлайн-баспасөз конференциясы барысында азаматтардың сұрақтарына жауап бере отырып, Денсаулық сақтау министрінің зертханалық қызмет жөніндегі кеңесшісі Жанар Сүлейменова тестілеу өткізу қажеттілігінің ұлғаюымен эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияны диагностикалау тактикасы өзгеретінін атап өтті.

Сарапшының айтуынша, алдын ала тестілеу көлемін қысқарту қарастырылған. Бұл соңғы күндері халық арасында тестілеу өткізуді талап етпейтін әр түрлі жағдайларда: кешкі бизнес-кездесулерді жоспарлау кезінде; бас ауыруы немесе толқуы кезінде; басқа қаладан көшкен және жұмысқа шыққан кезде әрбір адам өзін тағайындап, қатарынан екі немесе үш зертханада тапсырған үрдіс жиілеп кеткеніне байланысты.

Халыққа арнаған сөзінде медициналық сарапшы коронавирустық инфекцияға зертханалық тест - диагностика мен емдеу хаттамасына енгізілген арнайы диагностикалық тест екенін атап өтті.

«Сондықтан да барлық азаматтарды үрейге бой алдырмауды сұраймын, себебі бүгінгі таңда науқаспен қарым-қатынастың болуын нақты анықтау қиын, себебі жағдайларды тіркеу кезінде аурудың симптомсыз түрі басым және ПТР-талдау отбасы мүшелері мен жақындарын жұқтыру оқиғаларынан құтқармайды. Сонымен қатар, дәрігерлер тағайындамай өз еркімен тест өту, шын мәнінде мұқтаж пациенттер емдеу тактикасын анықтау және медициналық көмек көрсету үшін дер кезінде тестілеуден өтпейді», - деді Ж.Сүлейменова.