Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында ГФР-дің экс-канцлері Герхард Шрёдермен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың аясын кеңейту және екі елдің іскерлік байланыстарын нығайту мүмкіндіктері талқыланды.

– Германия әлемде төртінші ірі экономика болып саналады. Алайда, біздің елге салынған инвестиция көлемі бойынша 12-орында. Қазақстанға инвестор ретінде келетін неміс кәсіпкерлеріне арнайы жеңілдіктер жасауға ниеттіміз. Бізде арнайы экономикалық аймақтар бар. Сондықтан оларға ерекше жағдай жасаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Герхард Шрёдер Қазақстанның инвесторлар тартуға бағытталған шараларына оң баға беріп, экономиканың нақты секторындағы бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыру жөнінде өз ұсынысын айтты. Белгілі саяси қайраткердің пікірінше, Қазақстан немістің ірі компанияларына ғана көңіл бөліп қоймай, сондай-ақ, Германияның шағын және орта бизнесінің әлеуетін де ескеруі қажет.

www.akorda.kz