Top.Mail.Ru

Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қолдау тәсілдері қайта қаралатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.

Салалық министрлік басшысының мәліметінше, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастырудың бірыңғай жүйесін құруға, отандық баспа БАҚ-ты қолдауға, цифрлық радиохабар мен интернет телевидениені дамытуға, ақпарат саласындағы мемлекеттік ұйымдарды оңтайландыруға бағытталған бірқатар шаралар қарастырылған.

Сонымен қатар, ведомство басшысының айтуынша, кәсіби дамудың білім беру бағдарламаларын жетілдіру, тәлімгерлік институтын дамыту, оқыту курстарын ұйымдастыру, БАҚ жас қызметкерлеріне гранттық бағдарламаны іске қосу арқылы БАҚ саласындағы кадрларды даярлау жүйесі қайта қаралады.

Ақпарат саласын құқықтық реттеу шеңберінде саланың жаңа субъектілерінің құқықтық мәртебесін айқындауға, жарнама бойынша БАҚ үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, телерадио хабарларын тарату саласындағы рәсімдерді жетілдіруге бағытталған заңнамалық шаралар іске асырылатын болады.

«Халықты мемлекеттік органдардың қызметі туралы сапалы ақпараттандыру мақсатында биылғы жылы мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!