ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы онлайн тестілеудің жаңа форматын әзірледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл хабарлады.

Оның айтуынша, тест мемлекеттік тілде сөйлеу және жазу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

«Онлайн тестілеудің жаңа форматы тілдік біліммен қатар, ресми-іскерлік хат және мемлекеттік тілде сөйлеу деңгейін қоса алғанда, тілді меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш тест негізінен ересек аудиторияға арналған және ғылыми, ресми-іскерлік стильдегі мәтіндерді құрастыру, көпшілік алдында сөз сөйлеу, сұқбаттасу кезінде сұрақтарға жауап бере алу дағдыларын анықтауға бағытталған», - деді Академия басшысы.

Айта кетейік, тілді меңгеру деңгейін бағалаудың дәстүрлі әдістеріне қарағанда, QazaqResmiTest-ті онлайн режимде кез келген ыңғайлы уақытта тапсыруға болады.