Бағыттардың бірі бойынша бұл мәселе әрдайым өткір болатын шекара маңы аумақтарында жұмыстар басталды. Шекара маңындағы аумақтарда мемлекеттік радиохабар тарату желісін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді. Радиожиіліктерге конкурс жарияланды. Ақпараттық-сараптамалық бағыттағы бағдарламалар басым тәртіппен қаралатын болады. Бұл туралы өз ведомствосының жұмысын қорытындылай келе, АҚДМ басшысы Аида Балаева мәлімдеді. Сонымен қатар, ол телеарналарда отандық ақпараттық контенттің үлесін арттыру бойынша жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Өткен жылы шетелдік контент үштен бірге төмендеді. Сапаға баса назар аударылады.

«Келесі басымдық ретінде бірыңғай ақпараттық-идеологиялық тұрақтылықтың қалыптасуына ықпал ететін нақты тетіктер әзірленуі тиіс өңірлерде ақпараттық жұмысты үйлестіруді күшейтуді атап өткім келеді. Яғни, іске қосылған жобаларды дамытуды жалғастырып қана қоймай, бұрын жоспарланған кейстерді іс жүзінде жүзеге асыруға назар аударып, жаңа өзекті бастамаларды әзірлеп, ұсыну қажет. Сонымен қатар, өткен жылы біз азаматтық қоғам институттарымен жұмысты сапалы жаңа деңгейге көтере алдық. Бұл біздің жұмысымызда қолданған кері байланыс механизмдерінің арқасында мүмкін болды. Олар өте көп. Бір ғана мысал келтірейін: алғашқы күннен бастап біз министрлік жанынан тұрақты түрде жұмыс істейтін дөңгелек үстел құрдық, онда қоғамды толғандыратын ең өзекті мәселелер талқыланады, сондай-ақ өте пайдалы және қажетті азаматтық бастамалар әзірленеді. Бұл бастамалардың өміршеңдігін 2020 жылы ерекше мазмұнды өткен ІХ Азаматтық форумның жұмысы да дәлелдеді. Айта кетейік, ҮЕҰ-дан түскен ұсыныстар топтамасы шеңберінде форумның ұсынымдарын іске асыру мақсатында гранттық қаржыландырудың жаңа қағидаларын әзірлеу аяқталды», - деді министр.

Осы Қағидаларға сәйкес әлеуметтік жобаларды шығармашылық іске асыру үшін бюрократиялық кедергілер мен тосқауылдар тудырған мәселелер алынып тасталды. Азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастық 2021 жылы да жалғасын табады.