2000 жылы қолға алынған «Мен – чемпион» балалар спорттық ойынының телевизиялық жобасы 2015 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен балалар спорттық қозғалысы ретінде іске асырылып келеді. «Мен - чемпион» балалар спорттық қозғалысын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылық қорының директоры Евгений Сазанов жоба туралы баяндап берді.

«Әрбір «Мен – чемпион» балалар бағдарламасы спорттық тартысты сайысты жарқын, әсерлі шоуға айналдырады. Бұл 12-14 жастағы жасөспірімдер мен балалар тобын, олардың ата-аналары мен ересектер арасындағы достары мен таныстарын, көрермендерді жобаны тамашалауға көптеп тартып, аудитория ауқымын едәуір кеңейтіп келеді», - деді спикер.

Қазіргі уақытта «Мен - чемпион» жобасы Қазақстан мен Еуразиялық одақ бойынша жүздеген мың баланды біріктіретін халықаралық балалар спорттық жобасы болып табылады. Ең қарапайым есептеулер бойынша, жобаға жарты миллионға жуық талантты спортшы қатысты.