Ағымдағы жылғы 26 маусымнан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін әлеуметтік маңызы бар пойыздарға жеңілдік билеттерін онлайн ресімдеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Бұл қызмет компанияның «bilet.railways.kz» сайтында қолжетімді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн - баспасөз конференциясы аясында «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов мәлім етті

А. Қалдыкөзовтің мәліметінше, аталған қызмет түрін «Жолаушылар тасымалы» АҚ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп енгізген.

Ұлттық тасымалдаушының өкілі атап өткендей, бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жол жүруге 50% мөлшерінде жеңілдік қарастырылған.