Өңірде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі өткір емес, стационарлар мен дәріханаларда барлық қажетті препараттар бар. Дәрі-дәрмектерді сатып алу және жөнелту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коомуникациялар қызметінде облыс басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

«Бұл мәселелер менің жеке бақылауымда. Облыс тұрғындарының мазасыздануына еш себеп жоқ, біздің медициналық ұйымдарда медициналық және індетке қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін емдеу хаттамасымен ұсынылатын дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоры бар», - деді А.Мұхамбетов.

Айта кетейік, медициналық ұйымдарда вирусқа қарсы барлық препараттар бар. Атап айтқанда, 4 000 таблетка «Лопинавир/Ритонавир», 15 мың таблетка «Гидроксихлорохин».

Жыл басынан бері медициналық ұйымдар антибиотиктің 23 түрінен 700 мыңнан астам данасын сатып алған.