ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қолға алып жатқан шараларға арналған онлайн-баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлер ретінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. Қайырбек Өскенбаев, сондай-ақ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов қатысты.

Қ.Өскенбаевтың ақпараты бойынша, министрлік "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп кәсіпкерлерге арналған ашық сандық платформада орналастырылған "қолжетімді көлік бағыттарының онлайн картасын" әзірледі.

Жалпы, спикердің айтуынша, бүгінгі таңда халықаралық бағыттар бойынша 97 бағыт аптасына 440 рейс қысқартылған (барлық халықаралық ұшулардың 98%) және барлық тұрақты ішкі рейстердің орындалуы жабылды (45 бағыт бойынша аптасына 540 рейс). 1-13 сәуірі аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында халықаралық тұрақты жолаушылар және эвакуациялық рейстердің ұшуы тоқтатылды.

Қ. Өскенбаев атап өткендей, әуе компанияларына әуе билеттерін айыппұлсыз қайтару және ТЖ режимін қолдану кезеңінде толық көлемде рәсімдеу қажеттігі туралы хаттар жіберілді. Қазір барлық авиакомпаниялар мен агенттіктер кейінге қалдырылған рейстерге билет қайтаруда. Анықтама: билетті қайтаруды жүзеге асыру үшін сатып алу орны бойынша билетті қайтаруға өтінім беру қажет (авиакомпания сайты, авиакомпания кеңселері, делдалдар, туристік агенттіктер). Мұндай өтінімді жіберген кезде қайтаруды ресімдеу ұсынылады. Бұл ретте, АК-нің 9-бабына сәйкес материалдық және моральдық залалды өндіріп алу сот органдарының құзыретіне кіретін азаматтық-құқықтық дау болып табылады.

Ведомство басшысы сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап Қазақстан аумағы бойынша барлық халықаралық теміржол жолаушылар тасымалы, сондай-ақ темір жол шаруашылығы қызметкерлерін тасымалдауға арналған пойыздардан басқа "ҚТЖ "ҰК" АҚ ішкі теміржол жолаушылар тасымалы жойылғанын атап өтті.

Жалпы, жолаушылар және қала маңындағы пойыздардың 133 жұбы қатынауы тоқтатылады. Т / ж вокзалдары да өз қызметін тоқтатады. Қалған 24 пойызда барынша сақтық шаралары қабылданады. Жолаушыларға өтініш берген күнге қарамастан сатып алынған билеттердің құнын 100% қайтару жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, ҚХР, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиямен автомобиль көлігінің барлық түрлерімен жолаушылар мен багажды екі жақты тасымалдау тоқтатылды, оның ішінде 117 тұрақты маршруттар, сондай-ақ транзиттік жолаушылар тасымалы. Бұл тыйым санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды ескере отырып жүзеге асырылатын халықаралық қатынаста жүк автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдауға қатысты қолданылмайды.

Қабылданған шаралар туралы тиісті ақпарат, сондай-ақ автокөлік құралдарының жүргізушілеріне және жолаушыларға арналған коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтау жөніндегі жадынама шет мемлекеттердің құзыретті көлік органдарына, "Атамекен" ҰКП, автовокзалдар мен тасымалдаушыларға жіберілді.

Ағымдағы жылдың 5 наурызынан бастап Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы Ираннан келе жатқан жүк автокөлік құралдарын өткізу уақытша тоқтатылды. 16 наурыздан бастап бекітілген тәртіпке сәйкес ТЖ әрекет ету кезеңінде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жолаушыларды тасымалдау толығымен тоқтатылды.

Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және "Атамекен" ҰКП бірлесіп, 42 мыңнан астам тауар позициясынан тұратын және Қазақстан аумағында өндірілетін тауарлардың және олардың жеткізушілерінің тізімін жасады. Бұл өндірілетін өнімді (қызметтерді) оңайлатылған және басым тәртіппен сатып алуға мүмкіндік береді.

Ведомство басшысының мәліметінше, бетперделер өндірісінің тәуліктік көлемі 1 млн.данадан астам, оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар – 325 мың, тігін кәсіпорындары – 680 мың дананы құрады. Бұдан басқа, бүгінгі күні 85 мың литр дезинфекциялау құралдары өндірілді, қоймаларда 158 мың литр бар, 65 мың литр көшелер мен үй-жайларды дезинфекциялау үшін дәріханалық желілерге жөнелтілді.

Сондай-ақ "ТЫНЫС"АҚ Көкшетау кәсіпорны базасында өкпені жасанды желдетудің мобильдік аппараттары өндірісін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жақын арада Үкімет резервінен өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат бөлінетін болады.