ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың ақпараты бойынша, 1 маусымдағы жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамту 5,3 млн.адамды құрады. Биылғы жылдың басынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында 522,3 мың жұмыс істейтін азаматтардың алды 91,2 млрд.теңгені құрады.

Анықтама: 2019 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен 6,4 млн.жұмыс істейтін азамат қамтылды. Жалпы сомасы 194,1 млрд.теңгеге 825,2 мың азамат төлем алды.

Ведомство басшысы атап өткендей, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясы аясында 2020 жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері арттырылды:

  • өзінің еңбек қабілетін жоғалтқан 74,4 мың азамат үшін – 69%-ға;
  • асыраушысынан айырылған жағдайда 44,8 мың азамат үшін – 41%-ға;
  • 44%-ға – 12,5 мың азамат үшін жұмысынан айырылған жағдайда.