Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірқатар компаниялармен өнеркәсіптік қалалардағы шығарындыларды азайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Өскемен және Теміртау қалаларындағы атмосфералық ауаның ластануына байланысты мәселелерді шешу, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы мұнай қалдықтарын кәдеге жарату мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірқатар компаниялармен шығарындыларды азайту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Мәселен, министр Мағзум Мырзағалиевтің айтуынша, «Арселор Миттал Теміртау» 2024 жылға қарай эмиссия көлемін 30%-ға қысқартуға «Қазмырыш» өз өндірісінде ең озық қолжетімді технологияларды енгізу арқылы күкірт диоксидінің шығарындыларын 20%-ға қысқартады. «ҚазМұнайГаз» көлемі шамамен 3,6 млн.м3 тарихи мұнай қалдықтарын бірнеше жыл бойы жояды.