Өңірлердің медициналық ұйымдары 26 925 пациентті емдеуге жеткілікті мөлшерде вирусқа қарсы препараттармен ("Лопинавир"/"Ритонавир" саны 541 мың таблетка және "Гидроксихлорохин" саны 206 мың таблетка) қамтамасыз етілген.

Бұл ретте, өңірлер арасында 2 857 пациент үшін 160 мың "Лопинавир"/"Ритонавир"таблеткалары қайта бөлінеді). Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен сараптамалық брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

Вице-министрдің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда дәрілік препараттарды қосымша сатып алу процедурасы жүріп жатыр:

  • 2020 жылғы 15 шілдеге дейін жеткізу кестесімен: 16 мың пациентті еммен қамту үшін 840 мың "Лопинавир"/"Ритонавир" таблеткалары; 11 мың пациент үшін 61,3 мың "Гидроксихлорохин" таблеткалары; 1 мың пациентті қамту үшін 11 мың "Ремдесивир" флаконы.
  • 2020 жылдың 15 тамызына дейін: 7 874 пациентті қамту үшін 440,9 мың "Лопинавир"/"Ритонавир" таблеткалары.

«17 732 науқастың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі 26 925 пациентке есептелген. Қосымша сатып алуды ескере отырып, қамтамасыз ету 58 864 пациентке дейін өседі. Сонымен қатар, вирусқа қарсы терапия орташа ауыр және ауыр ағыммен ғана қажет екенін атап өткен жөн, бұл ретте жеңіл ағыстар шамамен 50% құрайды», - деп түйіндеді Л.Бюрабекова.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта коронавирусты инфекцияны емдеуге арналған клиникалық хаттамаға енгізілген "Ремдесевир" препаратын сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.