Орталық коммуникациялар қызметі алаңына өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова журналистің қойған сұрағына осылай деп жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі кезде заман талабына сай барлық мәдени мекемелер қоры цифрландырылуда.

«Кітапхана – руханиятты сақтайтын жер, онда адамзаттың мыңжылдық ойлары шоғырланған. Еліміздің саясаты, Мәдениет заңы бойынша бүкіл адамзаттың мәдени құндылықтары азаматтарымызға қолжетімді болуы керек. Заманауи өзгерістерге байланысты кітапханалардың қорлары цифрландырылады және бұл жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Архивтерді, музейлерді, кітапханаларды, жалпы мәдени ошақтар цифрландыру үстінде», - деді министр.

Спикердің пікірінше, кітапханалар өз жұмыстарын тоқтатпауы керек.