Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой министрліктің қазіргі қызметінің басымдықтарына тоқталды.

Оның айтуынша, бүгінде шетелдік әріптестермен COVID-19 емдеудің негізгі бағыттары, тәсілдері және ең үздік еуропалық практикалар бойынша халықаралық консультациялар өткізілуде.

Сондай-ақ Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мемлекет ішінде жүйелі қайта құрылымдау қолға алынды, науқастарды бөлудің нақты талаптары мен критерийлері белгіленді, жаңа төсек-орындар ұйымдастырылуда, медициналық мекемелерді ӨЖЖ аппараттарымен, оттегі концентраттарымен, пульсоксиметрлермен жабдықтауға баса назар аударылады.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге де басымдық беріледі. Министр дәрілік заттардың бөлшек саудасы коммерцияландырылғанын атап өтті. Дәрілік заттардың бөлшек сауда сегментіне көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін негізгі бұйрықтар шығарылды. Бұл дәрі-дәрмек жеткізу процедурасын жеделдетуге мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде қоймалардан бөлшек сауда желілеріне Қазақстанға жеделдетілген тәртіпте әкелінген препараттар жеткізілуде. Рұқсат беру процедураларынан басқа, Үкіметтік деңгейде медициналық препараттар сататын шетелдік компаниялармен Қазақстанға дәрі-дәрмектерді жеткізу және жеделдетілген логистика мәселелері пысықталып жатыр. Ведомство басшысының мәліметінше, аса қажетті медициналық препараттар Ресей мен Үндістаннан әкелінеді.