Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой министрліктің ресми сайтында пневмониядан болатын өлім-жітім мен аурудың тіркелген жағдайларының саны туралы статистиканы жүйелі негізде орналастыруға дайын екенін білдірді.

Министрдің айтуынша, коронавирустық инфекция мен пневмония аурушаңдығы мен өлім-жітімі бойынша статистикалық мәліметтерді медициналық ұйымдар күнделікті негізде қалыптастырады, мәліметтер медициналық ақпараттық жүйелерге енгізіледі.

«Бұл деректер бар. Біз ақпараттық базаларды түсіру кезінде деректермен расталған нақты статистиканы ресми түрде айтуға дайынбыз. Бұл халықтың бірыңғай және сенімді ақпарат көзі болуы керек», - деді министр.