Электрондық түрде тауарларға декларация тапсыру үдерісін цифрландыру СЭҚ қатысушыларымен байланыстарды және заңнамадағы сәйкессіздіктерді азайтады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, жүйе енгізілі бері 2,6 миллионнан астам кедендік декларация шығарылды, оның ішінде 2 млн астам декларация 1 минуттың ішінде автоматты түрде шығарылды. Жыл басынан бері қосымша түсімдер мөлшері 23 млрд теңгені құрады.

Спикер еске салып өткендей, 2019 жылы кедендік декларациялауды жеңілдету мақсатында БҰҰ ЮНКТАД-пен бірге «АСТАНА-1» және «Бір терезе» ақпараттық жүйелері енгізілді. Тауарлардың қадағалану жүйесі олардан басталады. «Бір терезе» арқылы «Е-лицензиялау» деректер базасынан берілген лицензиялар мен рұқсаттарды алуға өтінімдер беру жүзеге асырылады. Бүгінгі күні порталда 2300 қолданушы тіркелген.

«Өнімнің қадағалау жүйесіндегі келесі буын - бұл салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелері. Ең тиімдісі «Электронды шот-фактуралар» АЖ мәліметтерін қолдана отырып әкімшілендіру болды. 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 482,8 мың пайдаланушы ЭШФ АЖ-да тіркелді және 450 миллионнан астам ЭШФ шығарылды. Жыл басынан бері қосымша түсімдердің мөлшері 68,2 млрд теңгені құрады», - деді М.Сұлтанғазиев.

Тауарлардың қадағалануының соңғы сатысы - бұл онлайн-БКМ, оны 2020 жылдан бастап пайдалану міндетті болып табылады. Қазіргі уақытта елдегі онлайн-БКМ саны 710 мыңды құрап отыр. Онлайн-БКМ енгізудің тиімді әсері – жыл басынан бері қосымша түсімдердің жалпы сомасы 32,7 млрд теңгені құрады.

Комитет басшысы 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап eSalyq «салықтық әмиян» мобильді қосымшасы енгізіліп жатқанын жеткізді. Салық әмияны дұрыс емес төлемдер мен айыппұлдарды алып тастауға, декларациялар мен өкімдер санын азайтуға, салық төлеушілердің уақытын үнемдеуге және банктерге комиссиялық шығыстарды жоюға мүмкіндік береді.

Мобильді қосымшаны дамыту мақсатында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында түрлі қызметтер мен функционалды толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күні салық әмиянын қолданушылар саны 78 мыңнан асады.