М.Мырзағалиев: өнеркәсіпте ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізген кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады.

ОКҚ алаңында халық алдында есеп беру кездесуінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа экологиялық кодекс аясында өнеркәсіптік компаниялар атынан ластаушы бюджетке ақшалай өтемақы өндіріп алудың орнына қоршаған ортаның бұзылған компоненттерін қалпына келтіруге міндетті екенін айтты.

«Сонымен қатар, өнеркәсіпте ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізген кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Егер олар НДТ-ға өтпесе, олардың эмиссия үшін төлем ставкалары бірнеше есе өседі. Бұл өз кезегінде табиғат пайдаланушылар үшін дәлелді құрал болып табылады», - деді М. Мырзағалиев.