Экоактивистердің айтуынша, карантин кезінде адамдар азық-түлікті көп тұтынады,осылайша тұрмыстық қалдықтар саны өсуде. Іс жүзінде қалдықтарды бөлу және оларды кәдеге жарату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде баяндады.

Еліміздің бас экологы атап өткендей, карантин кезінде қоқыс саны артты, бірақ жергілікті атқарушы органдар қоқысты бөлек жинау және шығару бойынша барлық жұмыстарды штаттық режимде жүзеге асырды.

Дәрілік қалдықтарды, медициналық маскалар мен қолғаптарды кәдеге жаратуға байланысты жағдай туралы түсініктеме бере отырып, министр ірі қалаларда бұл жұмыс қоқыс шығарушы компаниялармен бірлесіп, өңірлік полиция операторы арқылы жүргізілетінін хабарлады.

«Біз медициналық қалдықтарға жеке контейнерлерді орналастыруға барынша тырыстық, себебі олар бөлек кәдеге жаратылуы тиіс. Бірінші кезекте қалалар бар, бұл жұмыстарды жүргізу мүмкін болмаған аудан орталықтары. Онда біз тұрғындарды мұндай қоқыстарды жеке пакеттерге жинауға шақырдық», - деп толықтырды министр.