Бүгінгі таңда облыста 1639 дәрігер жұмыс істейді, тапшылық 413 дәрігерді құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді.

Аймақ әкімінің ақпараты бойынша, осы мәселені шешу үшін жоғары медициналық колледждің 133 түлегін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде 35 фельдшер жедел медициналық жәрдем қызметін күшейту үшін, 7 фельдшер қалалық емханаларға жедел медициналық жәрдем қызметін күшейту үшін және 91 орта медициналық қызметкерлерді алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметін күшейту үшін жолданатын болады.

Бұдан басқа, Е. Маржықпаевтың айтуынша, барлық емханаларында науқастың жағдайын бағалау, көмек көрсету және қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу үшін шақырылатын мобильді бригада құрылған. Бригада сандық рентген қондырғыларымен жабдықталып, сол жерде ем тағайындап, дәрі-дәрмектерге қажетті рецепт жазып бере алады.