Ақмола облысында жеке қорғаныш құралдарын сатып алуға 834 млн теңге жұмсалды, қалған қаржыға провизорлық және инфекциялық стационарларға өкпені жасанды желдетуге арналған 17 аппарат сатып алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев мәлімдеді.

«Қауіпті инфекция жұқтырып, ауыр халде жатқан науқастарды емдеу үшін өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар қажет. Өңірдегі медициналық ұйымдарда осындай 247 аппарат бар, соның ішінде 135-і портативті, 112-сі стационарлық. Бұл мекемелерді толықтай қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз», - деп баяндады облыс әкімі.

Айта кетейік, 17 портативті аппарат демеушілердің қаржысына алынды. Қалған қажетті 71 аппаратты сатып алу мәселесі қаралу үстінде.