Карантин кезеңінде жеке тұлғалардың да, кәсіпкерлік субъектілерінің де санитарлық нормаларды сақтауына мониторинг жүргізетін болады. Талаптарды бұзушылық үшін әкімшілік жазалау шаралары туралы бұйрық дайындау сатысында. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді

«Әңгіме халық үшін 83 мың теңге және ШОБ субъектілері үшін 639 мың теңге айыппұл туралы болып отыр. Мысалы, өткен карантин кезеңінде 495 әкімшілік іс қозғалды. Соның 95-і айыппұл төледі», - деді Есмағамбетова.