Түркістан фермерлері өз проблемасын шешіп, өсірілген қарбыз бен қауынды елден тыс жерлерге сатуға шығара алды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. Бақша маусымының қызған уақытында аумақтық инспекциялар клиенттердің көбеюімен күрескен жоқ. Тек 2020 жылдың екінші тоқсанында Түркістан аумақтық инспекциясы 30 мыңға жуық фитосанитарлық сертификат рәсімдеді. АШМ нормативтік актілерге түзетулер енгізіп, рұқсат беру құжаттарын беру мерзімін қысқартты. Мысалы, фитосанитарлық сертификаттарды 5 емес, 3 күн ішінде, карантиндік сертификаттарды бір күн ішінде ресімдеуге болады.

«Тез бұзылатын өнімге фитосанитарлық сертификаттарды ресімдеу өтінім берілген сәттен бастап 3 сағатқа дейін қысқартылды. Маусымдылықты ескере отырып, Шымкентте өсімдік өнімдері бар жүк автокөліктерінің тұрағында қосымша бекет ашылды. Шымкент және Түркістан аумақтық инспекциялары инспекторларының штаты ұлғайтылды, оларға көмекке Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келген әріптестер іссапарға жіберілді», - деп жауап берді АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс.

Мереке күндері сертификаттарды берудің барлық пункттері жұмыс істеді.