ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге мөлшеріндегі төлем туралы айтып берді.

Табысынан айырылған жалдамалы қызметкерлерге, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы (42 500 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылады.

Жалдамалы қызметкерлер. Зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік төлемдер бойынша талаптар қойылмайды. Бірінші рет төлеген кездегі тәжірибені ескере отырып, 42 500 теңгеге өтінімді жұмыс беруші беретін болады. Ақысыз еңбек демалыстары расталады. Өтінімнің мәртебесін қызметкер өзінің ЖСН арқылы порталдан көре алады. Мемлекеттік қызметшілер мен «Атамекен» ҰКП құрылған жергілікті жерлердегі штабтар ұйымның қызметінің тоқтатылғанын ғана қуаттауы тиіс.

ЖК бойынша да талаптар қойылмайды. Бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей, кәсіпкерлердің көбі жылына бір рет төлейді, ал кейбіреуі өз қызметін мүлдем тоқтатып қойды. Сондай-ақ штабтар қызмет мәртебесін нақтылайтын болады. Мәліметті алық есептері бойынша алуға болады. 40 мыңнан астам ЖК-мен де соалй болған. Тексеру кезінде олардың өз қызметін жалғастыра отырып, алғашқы төлемді алғандарын көрсетті.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қайтадан бірыңғай жиынтық төлем төлеу керек емес.

Өтінімдер 42500.enbek.kz, e-gov сайттарында, telegram-бот каналында қабылданады.

Каспий және Халық банктеріне «қабылдау» платформасын жасауды ұсындық. Қазір бұл мәселе пысықталуда.