«ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап, ІІМ Жеке қауіпсіздік қызметі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және жұртшылықпен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде блок бекеттерде парақорлықтың 4 фактісінің жолын кесті, олар бойынша 5 кінәлі тұлға сотқа берілді (Шымкент қаласында - 3 ЖПҚ (жергілікті полиция қызметі) қызметкері, Алматы қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында - бір қызметкерден)»,-деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Бұдан басқа, оның айтуынша, полиция қызметкерлеріне пара берудің 14 фактісі анықталды. Барлық жағдайлар бойынша айғақты заттар тәркіленді. Пара берушілер тарапынан толық өкінуіне байланысты, процессуалды қамау жүргізілген жоқ. Бұл жұмыс БАҚ-та кеңінен жарияланды.