Бейсенбі күні Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жетінші съезі алғаш рет онлайн форматта өтті. Оған Мемлекет басшысы да қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті дамытудың бірнеше негізгі қағидаттарын атап өтті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.

«Ең басты оқиға мемлекет басшысының қатысуы болды. Делегаттар оның стратегиясын мұқият тыңдады. Жеті қағидаттың екіншісі кәсіпкерлікті қолдауға, шағын және орта бизнесті дамытуға арналды. Президент оны тағы да атап өтіп, алдымызға нақты міндеттер қойды. Соның бірін ол ерекше атап өтті: бұл бизнесті ынталандырудың жаңа тәсілдері. Бұл әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, жаңа форматта, ең бастысы цифрландырылған форматта реттеу алаңын түгелдей қайта құру», - деп атап өтті Мырзахметов.

Ол алдағы жыл Үкімет пен ҰКП бірлесіп жұмыс істейтін өте маңызды әрі мазмұнды жыл болатынын айтты. Кәсіпкерлер, сарапшылар тартылады.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға баса назар аударылды, жергілікті қамту секторы да маңызды. Президент пандемия жағдайында дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу бойынша Үкімет пен «Атамекен» палатасының бірлескен жұмысының рөлін де атап өтті. Ол оң бағасын беріп, алдымызға күту міндетін қойды. Мемлекет басшысы дағдарыс - мүмкіндіктер беретінін де айтты. Икемді болып, уақытпен бірге қадам басып, бәсекеге қабілетті болу керек. Съезд делегаттары жақсы ақпарат, қолдау және бағдар алды деп ойлаймын», - деді еліміздің бас кәсіпкері.