Мұндай ескертуді таза ауада серуендегенді жақсы көретіндер үшін «Астана» медицина университетінің жедел медициналық көмек, Анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова жасады.

Өйткені, ғалымдардың зерттеулерінің соңғы нәтижелеріне сәйкес, вирус ауада ұсталып, аэрозольді берілуі мүмкін.

Жұқтыру жолдарын қайта қарау туралы ұсыныстар ДДСҰ-ға жіберілді. Сондықтан масканы адамдар көп жиналатын жерлерде ғана емес, көшеде де кию керек.