Стационарлық емдеуге коронавирус ауруының орташа және ауыр дәрежесі бар адамдар жіберіледі.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева халықты толғандыратын бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Азаматтардың көбі «ПТР нәтижесі оң болса да неге стационарға жатқызбайды?» деген сұрақтарына министрлік өкілі: ПЦР-тестінің оң нәтижесі бар, ауру белгілері жоқ (симптомсыз) немесе жеңіл дәрежесі бар (температурасы 38 градусқа дейін, қызаруы, тамақтың ұшуы, мұрынның бітелуі, жөтел) азаматтар стационарда болмауы тиіс деп жауап берді.

Сондықтан Л.Ақтаеваның айтуынша, аурудың жеңіл немесе симптомсыз ағымы бар азаматтар көп жағдайда ауруханаға жатқызудан бас тартады. Тек КВИ сынағы расталған және созылмалы аурулар, егде жастағы және т. б. сияқты қосымша факторлар бар пациенттер ғана ерекшелік болып табылады.

ПТР-тестінің оң нәтижесімен және аурудың жеңіл немесе симптомсыз ағымы бар басқа азаматтар үйде дәрігерлер бақылауында болуы тиіс. Ол үшін 103 нөмірі бойынша колл-орталығына немесе өз емханасына қоңырау шалу қажет. «Стационарлық емдеуге ПТР оң нәтижесі бар, бірақ температурасы 38 градустан жоғары, ентігу, жалпы әлсіздік, пневмония белгілері бар аурудың орташа және ауыр дәрежесі бар пациенттерді жатқызады», - деп атап өтті Л. Ақтаева.