Бірыңғай зейнетақы төлемдерін емделуге алу ережелері күшіне енді. Портал 25 ақпанда іске қосылады. Соңғы түзетулерді енгізу үшін 3 күн қажет. Бұл туралы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның мәліметінше, «Отбасы банкінде» 150 281 арнайы шот ашылды. Оның ішінде 96 281 өтініш беруші тұрғын үй мақсаттарына өтінім ресімдеді.

«Біздің ойымызша, шамамен 60 мың көлеміндегі айырмашылық - бұл арнайы ағымдағы шоттарды алдын ала ашқан және ережелердің жариялануын күткен адамдар. Бұл бағдарламаны күткен адамдардың көбінде медициналық карталарында, медициналық тарихында белгілі бір диагноз бар. Дәрігерлік комиссия, қағидаларға сәйкес, клиент өтініш берген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде, дәрігерлік комиссия өткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде жиналады, комиссия хатшысы не бас тартуды, не келісімді ұсынуға міндетті. Бұл ДКК қорытындысы порталда тіркеледі. Ал бізге шартта көрсетілетін медициналық ұйымға міндетті түрде ақша аудару үшін бес жұмыс күні ғана беріледі», - деді банк басшысы.

30 мыңнан астам өтініш беруші тұрғын үй проблемаларын шешу үшін өтінімнен ақша алуға дейінгі процестен толық өтті және олар порталдың барлық ерекшеліктерін, оны қалай пайдалану керектігін біледі. Мұнда сол тетіктер мен тәсілдер сақталады. Адамның өзі IBAN шоттарын және медициналық ұйымның барлық мәліметтерін толтырады, ол келісімшартта көрсетіледі. Осылайша, барлық есеп айырысулар қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Клиент үшін бұл ақша қолжетімсіз, және ол ақшаны шешіп ала алмайды. Ақша аударылғаннан кейін өтінім жабық болып саналады.

«Келесі кезеңде, шамамен наурыз айының басында, біз шетелдік ұйымдармен жұмыс істеу мүмкіндігін іске қосамыз. Бұл ретте айырбастау мәселелері туындайды, өйткені БЖЗҚ-дан барлық ақша өтініш берушіге міндетті түрде қазақстандық теңгемен түседі. Біз шетелдік медициналық ұйыммен шарт болған соң айырбастау күнін таңдауымыз қажет. Егер бұл шарт жасалғанға дейін жүзеге асырылса, онда бұл өтініш берушіні шетелдік емдеу мекемесі қабылдаудан бас тартқан жағдайда немесе емдеу мерзімдері бұзылса, билеттер қолжетімсіз болса, клиенттеріміздің валюталық айырмашылықта жоғалуын болдырмау үшін әртүрлі мемлекеттерде күшейтілетін қандай да бір карантиндік шаралар қолданылса, біз тікелей шарт жасалғаннан кейін айырбастаймыз»,-деп қорытындылады спикер.

Егер емдеу сомасы қолжетімділік шегінен артық болса, өтініш беруші жақын туыстарынан беру процесін пайдалана алады.