Атмосфераға зиянды заттардың төгінділерінің көлемі 10% - ға төмендеді.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде халықпен есептік кездесу барысында зиянды заттардың шығарындыларының жалпы деңгейінің төмендегенін айтты. Яғни, 2018 жылдың деңгейінде 2,5 млн.тоннаға дейін тұрақталған. Төгінділер көлемі 10% - ға төмендеді (1,1-ден 0,98 млн.тоннаға дейін).