IV тоқсанда оқушыларды қашықтан оқыту жүйесі туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-баспасөз конференциясы аясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабардар етті.

Спикердің ақпараты бойынша, IV тоқсанда оқу 5 негізгі бағыт бойынша қашықтық форматта өтеді:

1) "Балапан", "Ел арна" телеарналары арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту. Әр телеарнада күнделікті эфир уақыты 8 сағатты құрайды. Сабақтың ұзақтығы 10 минут.

2) "Қазақ радиосы" арқылы оқыту.

3) Мектептері жоқ 1 200 шалғайдағы елді мекенде тұратын оқушыларға "Қазпошта" АҚ поштасы арқылы оқыту.

4) 5-тен 90-ға дейінгі бала тұратын шалғайдағы ауылдық елді мекендерде дәстүрлі күндізгі оқыту. Жалпы алғанда, 60 мыңға жуық бала 1 мыңнан астам мектепте оқуын жалғастырады.

5) "Kundelik", "BILIM Land", "Daryn.Online», «Opiq». Әрбір мектеп оқу платформасын дербес анықтайды.