Мәселелерді шешуге болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, құқық қорғаушы Айман Омарова мәлімдеді. Оның бастамасымен «Халық үні» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылмақ.

Оның айтуынша, құқықтық ақпараттандыруға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға қатысты көптеген жобаларға қатыса отырып, ол осы жобаға шұғыл қажеттілік туындағанын атап өтті.

«Халықтың көптеген мәселелері құқықтық және әлеуметтік-құқықтық сипатта болды. Тәжірибе көрсеткендей, олар осы мәселелерді шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар туралы хабарсыз болуға байланысты туындаған. Бұдан басқа, қазақ тілді халық үшін құқықтар мен бағдарламаларды түсіндіруге қатысты ақпараттық контенттің төмен екені айқындалды. Бұл белгілі бір топтарға, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға өмірдің кез келген саласында өз мүмкіндіктерін толық пайдалануға жол бермейді. Бұл білмеушілік оларды төтенше шараларға баруға мәжбүр етеді», - деп түсіндірді спикер.

Сондай-ақ ол өңір тұрғындары жергілікті жерлерде өз проблемаларының шешімін таппай, әлеуметтік желілерде Президенттің атына хат жазған жағдайларды мысал ретінде келтіріп өтті.

Статистикаға сәйкес, 2019 жылы мемлекеттік тілді ана тілі деп санайтын азаматтардың саны ел халқының 80% құраған. Олардың абсым бөлігі ауыл тұрғындары.