Карантин 2 аптадан артық ұзартылған жағдайда, мерекелік дұға қашықтан өткізілетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл Құрбан айт мерекесі шілде айының соңында келеді. Және Ораза айт тәжірибесі бойынша онлайн уағыздау және Құран оқу жалғастырылады. Қайырымдылық (садақ) электронды режимде қабылданады.

Мұның бәрі халықты зұлым аурудан қорғау үшін жасалып жатыр, - деп атап өтті ҚМДБ төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық карантин жарияланды.