«Жаңа жағдайдағы жастар: Іс-қимыл кезеңі» Online Bilim жобасының білім беру бөлімі үстіміздегі жылдың 9 қарашасында басталады. Іс-шараға 1000-нан астам жас қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов хабарлады. Үш жыл ішінде жобаға 3 мыңға жуық адам қатысты. Бірақ қазір эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды.

Баймановтың айтуынша, түрлі салалардан 25 білікті жаттықтырушы мен сарапшы тартылған. Олар онлайн форматта ауысыммен оқиды жүргізеді. Бір ауысым - 5 күн. Осы кезеңде жаттықтырушылар жеке дамудың көшбасшылық және стратегиялық дағдыларының жаңа әлеуетін алуға немесе дамытуға көмектеседі. Олардың дәрістері жастардың азаматтық белсенділік, кәсіпкерлік, ақпараттық технологиялар және волонтерлік қызмет саласындағы біліктілігін арттыруға бағытталған.

«Online Dialog» пікірталас алаңы - бұл пікір және тәжірибе алмасуға арналған платформа. Жастар еліміздің танымал тұлғаларымен қоғамның өзекті мәселелерін ашық талқылап, өз пікірлерімен бөліседі. Сонымен қатар, жастарды толғандыратын өзекті мәселелер таңдалды. Атап айтқанда, тұрғын үй, білім беру, жұмыспен қамту мәселелері көтеріледі. АҚДМ әзірлейтін 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспары да талқыға салынады», - деді спикер.

Бірақ бұл бос сөз емес, - дейді ұйымдастырушылар. Аталған алаңға білім беру, саясаттану, экономика, еңбекті әлеуметтік қорғау, жастар саясаты және жастар кәсіпкерлігі саласындағы сарапшылар шақырылды. Әлеуметтік әріптестік тетіктері әзірленетін болады. Проблемалар тізімі, оларды шешудің ықтимал жолдары мен ұсынымдар тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі. Әрине, кері байланыс орнатылады. Платформаның мыңдаған қатысушыларының пікірлері ескеріледі.